Мегаполисте кейбір маршруттардың қозғалыс схемасы өзгереді

02.07.2023 в 11:20

Бұл жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты

Әл-Фараби даңғылының Рысқұлбеков көшесінен Дулати даңғылына дейінгі бөлігінде жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 3 шілде күні келесі маршруттардың қозғалыс схемаcына уақытша өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

-  №38A маршрут — оңтүстік бағытта (айналма жолмен) — Мұстафин көшесі — Саин көшесі (айналма жолмен) — одан әрі схема бойынша, кері бағытта — өзгеріссіз;

-   №119 маршрут — солтүстік бағытта — Асқаров көшесі — Садықов көшесі — Саин көшесі — далее по схеме, одан әрі схема бойынша, кері бағытта — өзгеріссіз.

Сондай ақ, Әйгерім-2 ықшамауданында жол жөндеу жұмыстарының  жүргізілуіне байланысты 3 шілдеден бастап жұмыстар аяқталғанға дейін №102 маршрут сызбасына да уақытша өзгерістер енгізіледі:

-солтүстік бағытта- Шұғыла көшесі- Әлмерек абыз көшесі - Қожаханов көшесі- Бенберин көшесі- одан әрі схема бойынша;

- оңтүстік бағытта- Бенберин көшесі - Қожаханов көшесі- Әлмерек абыз көшесі- Шұғыла көшесі- одан әрі схема бойынша.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.