Алматыдағы Саин көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

19.09.2022 в 11:20

Алматы қалалық мобильдік басқармасы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Саин көшесінің кейбір бөліктерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Cаин көшесінің келесі бөліктерінде көлік қозғалысы шектеледі:

- Саин көшесінің Шығыс бетінде солтүстік бағытта Шаляпин көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі бөлігі- 19 қыркүйек сағ. 21:00 мен 20 қыркүйек сағ. 06:00 аралығында; 

- Саин көшесінің Батыс бетінде Жандосов көшесінен Торайғыров көшесіне дейін - 20 қыркүйек сағ. 21:00 мен 21 қыркүйек сағ. 06:00 аралығында және 21 қыркүйек сағ. 21:00 мен 22 қыркүйек сағ. 06:00 аралығында; 

- Саин көшесінің Шығыс бетінде Жандосов көшесінен Торайғыров көшесіне дейінгі бөлігі - 23 қыркүйек сағ. 21:00 мен 24 қыркүйек сағ. 06:00 және 24 қыркүйек сағ. 21:00 мен 25 қыркүйек сағ. 06:00 аралығында;

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Алматы қалалық мобильдік басқармасы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұрайды.