Елордада қоғамдық көліктің қозғалысы бір күнге тоқтайды

11.09.2020 в 11:45

12 қыркүйек күні елордада автобустар сағат 23:00-ге дейін жүреді

Нұр-Сұлтан қаласында 13 қыркүйекте локдаунға байланысты қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтатылады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Сенбі, 12 қыркүйек күні елордада автобустар сағат 23:00-ге дейін жүреді.

«Жексенбі, 13 қыркүйекте қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі», – делінген хабарламада.