Qazaq Air Ресейге қайта ұшатынын мәлімдеді

13.03.2022 в 12:15

Qazaq Air әуекомпаниясы 13 наурыздан бастап Ресейге рейстерін қалпына келтіреді. Бұл туралы әуе компанияның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Qazaq Air әуе компаниясы Ресейге жоспарланған барлық рейс 2022 жылғы 13 наурыздан бастап жанданатынын және www.flyqazaq.com веб-сайты арқылы билет брондау қолжетімді болатынын хабарлайды. 12 наурыз күні рейстің тоқтатылуымен байланысты уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Qazaq Air әуекомпаниясы Ресейге рейстерін тоқтатқаны хабарланған еді.