Алматыда 250 мың шаршы метр жол жөнделеді

18.05.2021 в 13:23

Жолды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде

Алматыда жолды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Осы орайда биыл 200 көшені орташа жөндеу және 250 мың шаршы метр жол жамылғысын жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі кезде 44 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 10 көшеде жол-жөндеу жұмыстары аяқталды. Бүгінде Сәтбаев, Панфилов (Жібек Жолы көшесінен Райымбек даңғ. дейін), Күдерин (Рысқұлов даңғ. Күдерина №1а көшесіне дейін), Тәттімбет (Қыз Жібек көш. 128 үйге дейін), Есенберлин (Ормановтан Тәттімбетке дейін), сондай-ақ Қыз Жібек (Достық даңғ. Омаров көшесіне дейін) көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарын мамыр айының аяғына дейін аяқтау жоспарланған. 

Ал Жібек жолы,  Бәрібаев, Қарасай,  Құлымбетов,  Варламов,  Қарасай батыр көшелеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталды. 

Қазіргі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 370 жұмыс орны құрылды, жол жөндеу жұмыстарына 33 бригада мен 143 арнайы техника бірлігі жұмылдырылды. Қазіргі кезде 66 мың шаршы метрден астам жерде ағымдағы жөндеу жұмыстары  аяқталды, 683 люк көтерілді, 520 қума метр бордюр тастары реттелді.

Қазіргі жөндеу жұмыстары аудан әкімдіктерінің ПД-нің АКБ-на, Open Almaty және т.б. берген өтініштері бойынша ақаулар анықталған кезде тұрақты жүреді.

Сондай-ақ, мына жерлердегі жолайрықтарын жөндеу жұмыстары басталды: Саин көшесі  Торайғыров көшесі, Райымбек даңғылы  Розыбакиев көшесі. 

Бұлардан өзге, Алматы көшесін Яссауи  көшесінен «Таусамалы» поселкесіндегі ұзындығы 1,2 шақырым болатын Рысқұлов даңғылына дейін. Қазіргі кезде тұрғын үйлерді бұзу және жолды кеңейту жұмыстары жүруде.