Астанада тағы 23 әуе рейсі кейінге шегірілді

11.01.2023 в 14:48

Бүгінге жоспарланған бағыттардың кешігуіне - әуе кемесінің кеш келуі себеп болған

Астанада тағы 23 рейс кейінге қалдырылды. Бұл туралы әуе айлағының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, күн райының қолайсыздығына қарамастан әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бүгінге жоспарланған бағыттардың кешігуіне - әуе кемесінің кеш келуі себеп болған. Айта кетсек, бұған дейін Қазақстанның 13 облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілген.

«Әуежайда қарды тазарту, оның ішінде ұшу-қону жолағында үздіксіз жұмыстар жүргізілуде. Өзекті ақпаратты авиакомпаниялардың call-орталықтарынан, сондай-ақ әуежайлардың анықтамалық орталықтарынан білулеріңізді сұраймыз, делінген әуежай таратқан ресми ақпаратта», – деді Астана халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шәлекенов.