Жаяу Мұса көшесіндегі көпірде уақытша көлік қозғалысы шектеледі

22.06.2022 в 15:18

Көпір үстінде көлік қозғалысы 23 маусым мен 8 шілде аралығында шектеледі

Жол жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 23 маусым мен 8 шілде аралығында Жаяу Мұса көшесіндегі Рысқұлов даңғылы мен Түркістан көшесін байланыстыратын көпір үстінде көлік қозғалысы толық шектелетін болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған жұмыстардың жүргізілуіне байланысты келесі бағыттардың сызбасына да уақытша өзгерістер енгізіледі:

№69 – шығыс бағытта – Құлжа тракті – Бұқтырма к-сі – бұрылу – Құлжа тракті – Тараз к-сі – Жаяу Мұса к-сі – Соңғы пункт Қайрат-Оңтүстік шғынауданы. Батыс бағытта - Соңғы пункт Қайрат-Оңтүстік шағынауданы - Жаяу Мұса к-сі – Тараз к-сі - Құлжа тракті - әрі қарай сұлба бойынша. №137 – шығыс бағытта – Рысқұлов даңғылы - Құлжа тракті - Бұқтырма көшесі - бұрылу - Құлжа тракті - "Жетісу" базары. Батыс бағытта - "Жетісу" базары – Құлжа тракті – Рысқұлов даңғылы - одан әрі сұлба бойынша.

«Аталған аймақта орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», – деді басқарма өкілі.

Дереккөз: Алматы қалалық мобилділік басқармасы.