Алматыда Жалайыр көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

21.08.2022 в 15:49

Көлік қозғалысы жөндеу жұмыстарына байланысты шектеледі

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 22 тамыз сағ. 23:00 мен 23 тамыз сағ. 07:00 аралығында Жалайыр көшесінің Аршалы көшесінен Ұлжан ықшамауданының кіреберісіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша толық шектелетін болады, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған болатын. Алматы қалалық мобилділік басқармасы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұрайды.