Розыбакиев көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

18.07.2022 в 17:04

Жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Розыбакиев көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Розыбакиев көшесінің әл-Фараби даңғылынан Есқараев көшесіне дейінгі  бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Шектеу уақыты:

19 шілде сағ.22:00 мен 20 шілде сағ.06:00; 21 шілде сағ.22:00 мен 21 шілде сағ.06:00. 

Жол жөндеу жұмыстары 2022 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылылып жатыр. 

"Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз," - делінген хабарламада.

Дереккөз: Алматы қалалық мобилділік басқармасы