Алматыда қандай қоғамдық көліктің қозғалыс бағыты өзгереді

06.01.2023 в 19:55

Өзгеріс жолаушылардың қауіпсіздігін қаматамасыз ету мақсатында іске аспақ

Апаттық жағдайлардың алдын алу мен жолаушылардың қауіпсіздігін қаматамасыз ету мақсатында 9 қаңтардан бастап № 59, №113 "Алматыэлектротранс" ЖШС маршруттарының бағыты өзгертіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді олар Құлжа трактімен ШААЖ-қа қарай жүріп бара жатқанда Рысқұлов даңғылына шықпай көпірдің үстімен жүріп өтетін болады.

Сонымен қатар 10 қаңтардан бастап № 53 маршруттың соңғы аялдамасы өзгертіледі.

Енді ол Кемертоған ауылына  дейін жүріп, "Мектеп" аялдамасынан бұрылады да, кері қарай сызбасы бойынша қозғалады. Маршрутта 8 автобустың орнына 11 жаңа  жылжымалы бірлік қызмет көрсететін болады.

Дереккөз: Алматы қалалық мобилділік басқармасы