Биыл Алматыда жаңбырдан кейін су астында қалатын көшелер жөнделеді

28.06.2022 в 20:56

376 шақырым арықты жөндеу үшін сметалық жоба жасалған

Алматыда жаңбырдан кейін су астында қалатын 102 көшенің 70-тен астамы жыл соңына дейін жөнделеді. Бұл туралы Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

Қаладағы су өткізетін 16 коллектордың он екісіне тазалау жоспарланып отыр. Сондай-ақ жекелеген учаскелерде арық желілерін кеңейту көзделген.

«376 шақырым  арықты жөндеу үшін сметалық жоба жасалған. Қалған жұмыс Алматының батыс аймағында басталды. Қазір орталық, шығыс аймақтарын бастаймыз. Ол жерде қалған учаскелердін бәрін тазалап, жөндеу жұмыстарын жүргіземіз», – деді Стратегиялық даму және су ресурстарын басқару бөлімінің басшысы Мұрат Жексембаев.