Алматыға келетін шетелдік туристердің саны артқан

24.09.2023 в 14:00

Жарты жылда Алматыға 261,6 мың шетелдік турист келген

Алматыға келген шетелдік туристердің саны 72,6%-ға өскен, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қалалық туризм басқармасының мәліметінше, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыға келген шетелдік туристердің саны 261,6 мың адамға немесе 72,6%-ға өскен.

- БАӘ, Катар, Кувейт, Иран, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Германиядан келген шетелдік туристер легі артқан.  Жыл соңына дейін Алматыға келетін шетелдік қонақтар саны 500 мың адамға жетуі мүмкін,  - деп хабарлайды қалалық туризм басқармасы.

Ведомствода сондай-ақ қалаға келген ішкі туристердің саны 710,6 мың адамға немесе 24,6%-ға өскенін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда доллар, еуро және рубль қанша теңгеден сатылып жатыр