Ханзада Чарльз Британияның жаңа монархы болған соң Карл III есімін алды

09.09.2022 в 08:45

Карл III Британия патшасы болып ресми түрде жұма күні жарияланады

Британия патшайымы Елизавета II 96 жасында өмірден өтті. Енді тақ оның ұлы ханзада Чарльздың қолына өтіп, ол Карл III есімін алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Карл III Британия патшасы болып ресми түрде жұма күні жарияланады. Содан соң ол ел ішінде патшайымды еске алу турына аттанады.

Елизавета патшайымның денесі 10 күннен соң жер қойнына табысталады. Оған дейін елде ұлттық аза тұту күні болады.

Патшайымның қайтыс болуына орай көптеген елдің басшылары көңіл айту жеделхатын жолдады. Джо Байден, тіпті, өз мәлімдемесінде Елизавета II британ монархы ғана болып қоймағанын, ол тұтас дәуірдің бейнесін қалыптастырғанын атап өткен.