Түркияда 7,4 балдық жер сілкінісі болды

06.02.2023 в 09:03

Зілзаладан ғимараттар қираған

Дүйсенбіде Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болды. Бұл туралы Мемлекеттік төтенше жағдайлар басқармасы (AФАД) мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның мәліметінше, 6,4 және 6,6 магнитудалы екі жерасты дүмпуі Нурдагы ауданында, 6,6 магнитудалы жер сілкінісі Ислахие ауданында тіркелген. Зілзаладан ғимараттар қираған. АФАД мәліметінше, 7,4 баллдық жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында жергілікті уақыт бойынша 04:17-де 7 км тереңдікте болған. Содан кейін жер сілкінісі әр түрлі аймақтарда - Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада жарты сағат бойы сезілген.

Түркияның ТRT мемлекеттік телеарнасы тікелей эфирде Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан провинциялардың кадрларын көрсетті. Онда тұрғындар суыққа қарамастан, зілзала қайталануынан қорқып, үйлерін тастап кетіп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, Шанлыурфа провинциясында кем дегенде 16 үй қирады.