Бейжіңдегі өрт: 20-дан астам адам қаза тапты

19.04.2023 в 09:27

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті 30 минут ішінде сөндірді

Бейжің ауруханасындағы өрттен қаза тапқандар саны 21-ге жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қытай орталық телеарнасының (CCTV) хабарлауынша, өрт 18 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00 шамасында Қытай астанасының батысындағы Бейжің Чанфэн ауруханасының стационарлық бөлімшесінің шығыс қанатынан шыққан. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті 30 минут ішінде сөндірді. 2 сағаттан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары толығымен аяқталды.

71 науқас эвакуацияланған. Қазір 21 адамның қайтыс болғаны белгілі.