Франция зейнет жасын 64-ке дейін көтермекші

11.01.2023 в 09:41

Үкіметтің зейнетке шығу жасын көтеру жоспары кәсіподақ тарапынан қатты сынға ұшырады

Франция үкіметі 2030 жылға қарай зейнетке шығу жасын екі жылға - 64 жасқа дейін көтеруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сейсенбіде Парижде ел премьер-миниатрі Элизабет Борн осы жоспар туралы жариялай отырып, реформаның мақсаты - 2030 жылы теңдестірілген зейнет жүйесімен қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Үкімет болжамына сәйкес, Франция зейнетақы қорында қаражаттың жетіспеуі ол уақытқа дейін 20 млрд еуроны құрайды.

Зейнет жасын көтерумен қатар жұмысшылардың зейнетақы қорына төлейтін жарнасының ең төменгі мерзімі 43 жасқа дейін көтерілді.

Ал ең төменгі зейнетақы көлемі айына 1200 еуроға дейін өседі.

Үкіметтің зейнетке шығу жасын көтеру жоспары кәсіподақ тарапынан қатты сынға ұшырады.

«Мұндай қадам бүкіл француз жұмысшыларына ауыр соққы болады» деп ескертті олар.