Филиппинде жер сілкінісі тіркелді

16.02.2023 в 09:45

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ

Бейсенбі күні таңертең Филиппинде магнитудасы 6,0 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Филиппиннің вулканология және сейсмология институты мәлімет таратты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 02:10-да тіркелген, ошағы Лусон аралындағы Масбате провинциясының Батуан қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 11 шақырымдай жерде 10 км тереңдікте болған.

Жерасты дүмпулері Лусон мен Филиппиннің орталық бөлігінде, соның ішінде Албай провинциясындағы Легаспи қаласында, Сорсогон, Солтүстік Самар, Батыс Негрос және Оңтүстік Лейтеде де сезілді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

АҚШ геологиялық қызметі жер сілкінісінің магнитудасы 6,1, тереңдігі 20 км деп бағалады.