80 жастағы Джо Байден алдағы президент сайлауына түсетінін мәлімдеді

26.04.2023 в 09:56

Сайлау 2024 жылы болады

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден 2024 жылғы 5 қарашада өтетін президент сайлауына кандидатурасын ұсынатын болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Джо Байден президент сайлауына түсуге ниетті екенін Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Әр ұрпақтың демократияны талап ететін сәті болады. Негізгі еркіндігін талап ететін. Бұл біздің сәт деп ойлаймын. Міне, сондықтан да мен Америка Құрама Штаттарының президенттігіне қайта үміткер болғалы отырмын", – деді Джо Байден.

Бұған дейін Associated Press-NORC сауалнамасы демократтарды қолдайтын респонденттердің тек 47%-ы Байденнің қайта сайлану ниетін қолдайтынын көрсетті. Сонымен бірге барлық дауыс бергендердің 26%-ы ғана Байденнің кандидатурасын екінші мерзімге ұсынуды орынды деп санайды.