ШЫҰ штаб-пәтерінде тулар төмен түсірілді

29.10.2023 в 10:00

ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің туларын түсіру рәсімі өтті

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған апаттан кеншілердің қаза болуына байланысты жалпыұлттық аза тұту жарияланғаннан кейін, Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) штаб-пәтерінде ұйымға мүше мемлекеттердің тулары жартылай төмен түсірілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

29 қазан, жексенбі күні таңертең Бейжіңде Қазақстанда қаза тапқан кеншілерді еске алу мақсатында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің туларын түсіру рәсімі өтті.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы – Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы құрған тұрақты жұмыс істейтін халықаралық үкіметаралық ұйым.

2017 жылы Ұйымға мүше мемлекет мәртебесі Үндістан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасына берілді. 2023 жылы Иран да ШЫҰ-ға ресми түрде қосылды.

ШЫҰ-ның штаб-пәтері Бейжіңде орналасқан.

Оқи отырыңыз: Премьер-министр кеншілердің көңілін сұрауға ауруханаға барды