Моңғолияда ірі жарылыс болды

24.01.2024 в 10:03

Салдарынан 5 адам көз жұмды

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда газ тиеген жүк көлігі жарылып, кемінде 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Соққы толқыны 10 шақырым жерден сезілген. Ірі жарылыс салдарынан жақын маңдағы үйлер мен ғимараттарда және базарда қызыл жалын тұтанған. Алдымен қою қара түтін шығып, артынша алапат өрт басталыпты. 

Жергілікті басылымдар 20-дан астам адамның зардап шеккенін хабарлады. Қаза тапқандардың арасында тұрғындар мен құтқарушылар бары айтылып жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматы маңында ірі өрт шықты