Швеция НАТО-ның 32-мүшесі болады

07.03.2024 в 09:14

Венгрияның Ұлттық жиналысында 26 ақпанда бұл елдің НАТО-ға кіруі мақұлданған болатын

11 наурызда Швеция НАТО-ның 32-ші мүшесі ретінде Солтүстік Атлантикалық альянсқа ресми түрде қосылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Швед баспасөзі 11 наурызда НАТО-ның Брюссельдегі (Бельгия) штаб-пәтерінде Швецияның альянсқа қабылдауының ресми рәсімі өтетінін хабарлап жатыр.

НАТО штаб-пәтерінде Швеция туы көтеріліп, альянстың 32-мүшесі болады.

Венгрияның Ұлттық жиналысында 26 ақпанда бұл елдің НАТО-ға кіруі мақұлданған болатын.

Швеция НАТО-ға кіруге 2022 жылдың 18 мамырында өтініш берген еді.

Оқи отырыңыз: Жарты ай демалыс: наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады