Үндістанда бір топ оқушы суға батып кетті

19.01.2024 в 10:18

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр

Үндістанда көлде қайық аударылып, кем дегенде 16 адам суға батып кетті. Олардың 14-і оқушы болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агнеттігіне сілтеме жасап.

The Hindu газетінің жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлауынша, қайғылы оқиға Гуджарат штатында, Вадорада қаласына жақын жерде болған.

«Бір топ мектеп оқушысы Харни көлінде қайықпен серуендеп жүргенде, қайық аударылып кеткен. Оқиға кезінде қайықта 34 адам болған, оның 27-сі балалар болған», - делінген хабарламада.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

«Кеше кешке қарай оқиғадан қаза тапқандар саны 16-ға жетті, оның ішінде 14 мектеп оқушысы мен 2 мұғалім бар. Кем дегенде 10 оқушы құтқарылды», - делінген хабарламада.