"Ғалам аруы-2021" байқауының жеңімпазы анықталды

13.12.2021 в 10:20

Жарыстың финалы Қызыл теңіз жағалауында, Израильде өтті

Халықаралық сұлулық байқауының жеңімпазы Үндістан өкілі Харнааз Сандху "Ғалам аруы" атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жаңа "Ғалам аруы" Үндістанның өкілі болды", – делінген байқаудың Twitter-парақшасында. Жаңа "Ғалам аруы" 21 жаста, ол Чандигархта тұрады және модель болып жұмыс істейді.

The new Miss Universe is...India!!!! #MISSUNIVERSE pic.twitter.com/DTiOKzTHl4

— Miss Universe (@MissUniverse) December 13, 2021

Жарыстың финалы Қызыл теңіз жағалауында, Израильде өтті.

Үнді аруға тәжді бұрынғы жеңімпаз Мексикадан келген Андреа Меса табыстады.

Лалела Мсване (Оңтүстік Африка) екінші, Надия Ферейра (Парагвай) үшінші болды.

Сондай-ақ ондыққа Аруба, Колумбия, Франция, Үндістан, Парагвай, Филиппин, Пуэрто-Рико, Оңтүстік Африка, Багам аралдары мен Америка Құрама Штаттары өкілдері кірді.