Кісі өлтірген қылмыскер 28 жылдан кейін ұсталды

02.03.2020 в 10:39

Қылмыскерді табуға көмектесетін ақпарат үшін 10 мың юань марапат жарияланған екен

Қытайдың Нанкин қаласында 28 жыл бұрын жасалған кісі өліміне күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz.

1992 жылдың 24 наурызында Нанкин канализациясынан медицина мектебінде оқыған студентінің денесі табылған. Тегі Линь екені анықталған қыз аяусыз өлтірілген. Сол кезде қылмыскерді табуға көмектесетін ақпарат үшін 10 мың юань марапат жарияланды. Алайда қылмыскер табылмады.

2020 жылдың 23 ақпанында Сюйчжоу қаласының полиция өкілі Нанкинг полициясына жүгінді. Ол Сюйчжоу қаласының тұрғыны 54 жасар ит саудагері Маның Линьді өлтіруі мүмкін екенін хабарлаған.

Сол күні ер адам ұсталып, оның ДНҚ-сы 1992 жылы жиналған дәлелдемелердегі ДНҚ іздерімен салыстырылды. Оның қылмыс орнында болғаны расталған.