Түркияның үш аймағында орман өртеніп жатыр

25.07.2023 в 10:42

Өртке 24 ұшақ, 100 тікұшақ және 10 пилотсыз ұшақ пен 25 мың өрт сөндіруші жұмылдырылған

Түрік билігі сейсенбіге қараған түні Анталья провинциясының үш аймағында және елдің тағы екі провинциясында орман өртін сөндіруге күш салып жатқанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз Анталья провинциясының Каш, Кемер және Ташаыл аудандарында, сондай-ақ Маниса провинциясының Саруханлы ауылында және Кахраманмараш провинциясының Дулкадироглу ауылында (оңтүстік - шығыста - ред.) орман өртімен күресуді жалғастырамыз», - деп хабарлады Түркияның Орман шаруашылығы Бас департаменті.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған азаматтарды орманды мұқият қарауға және ормандардағы ең кішкентай от көзіне жол бермеуге шақырды.

Оның айтуынша, орман өртін сөндіруге 24 ұшақ, 100 тікұшақ және он пилотсыз ұшақ, сондай-ақ 25 мың өрт сөндіруші жұмылдырылған.