Аялдамада қызға тиіскен жігіт ажал құшты

28.11.2019 в 10:53

Жігіт аялдамадағы қызға сөзбен тиіскен. Болған оқиғадан соң қыз достарын шақырған. Олар қызбен бірге жігітті соққыға жыққан

Өзбекстанның Самарқанд қаласында алты жігіт қызға тиіскен жігітті соққыға жықты. Алған жарақат салдарынан жігіт көз жұмды, деп хабарлады Sputnik.

"20 қарашада түнгі 02:00-де ер адам өзінің танысымен бірге аялдамада тұрған. Ол жанындағы қызға сөзбен тиісе бастапты. Сол кезде жақын маңда өтіп бара жатқан екі ер адам қызды қорғаған", - деп жазылған хабарламады.

Бұдан соң қыз телефон шалып, таныстарын көмекке шақырған. Оқиға орнына төрт жігіт пен екі қыз келді.

"Сағат 03:40 кезінде олар қызға тиіскен ер адамның біреуін соққыға жыққан. Кейін екінші жігітті ұра бастады", - деп хабарлады Өзбекстанның тергеу қызметі.

Оқиғаға қатысты үш адам ұсталды.