Айя Софияда 86 жылдан кейін жұма намазы оқылды

25.07.2020 в 11:25

Түркия президенті Режеп Ердоған жұма намазына қатысты

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жарлығымен мәртебесі өзгеріп, музейден мешітке айналдырылған Айя Софияда 1934 жылдан бері, араға 86 жыл салып барып, алғашқы жұма намазы оқылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Islam.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл жұма намазына мемлекет басшысының өзі қатысып, Фатиха сүресін оқыды. Шамамен 350 мың адам Айя Софиядағы жұма намазына қатысу үшін келген. Жамағатқа су мен Мехмет Фатихтың Айя Софияны ақыратке дейін мұсылмандар игілігіне берілгендігі туралы тарихи жарлығы таратылды.