Грециядағы теміржол апаты: оннан аса адам шығыны мен жараланғандар бар

01.03.2023 в 11:30

270 жолаушы қайғылы оқиға орнынан эвакуацияланды

Грекияның Лариса қаласының маңында жолаушылар пойызы мен жүк пойызы соғылып, 16 адам көз жұмды. Тағы 85 адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Апат туралы ресми ақпаратты Грекияның өртке қарсы қызметтің ресми өкілі Василис Ватракояннис берді.

«Қазіргі уақытта апат болған жерден қаза тапқан 26 адамның денесі шығарылды. 85 адам жарақат алды, олар ауруханаларға жеткізілді», - деді Ватракояннис.

Тағы 270 жолаушы қайғылы оқиға орнынан эвакуацияланып, автобуспен қауіпсіз жерге жөнелтілді.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, пойыздар соқтығысқан кезде бірнеше вагон бірден өртеніп кеткен.

Дерекөз: ҚазАқпарат