Канадада 10 тұрғынды пышақтап, өлтіріп кеткен

05.09.2022 в 11:41

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, қаскөйлер әккі әрекетін әр жерде ұйымдастырған

Канаданың Саскачеван провинциясында 2 ер адам 10 тұрғынды пышақтап өлтірді. Тағы 15 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, қаскөйлер әккі әрекетін әр жерде ұйымдастырған. Қайтыс болған және жараланғандар кри үндістері мекен ететін Джеймс Смит резервациясы мен Уэлдон ауылынан табылған. Күдікті ретінде танылған 30 бен 31 жастағы Дамиена мен Майлс Сандерсондар іздестіріліп жатыр. Оларды мұндай қылмыс жасауға не итермелегені белгісіз.

«Қылмыс орны деп танылған 13 жер тіркеліп, қазір онда тергеу жүріп жатыр. Кейбір адамдарға шабуыл жоспарланған, ал кейбіреулері кездейсоқ құрбан болып отыр», – деді  Саскачеван полициясы комиссарының көмекшісі Ронда Блэкмор.