Венесуэлада ұшақ құлап, тоғыз адам қаза тапты

21.12.2019 в 11:56

Прокуратура осы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын бастады

Венесуэла астанасының әуежайына жақын маңда жекеменшік Beechcraft 100 King Air ұшағы апатқа ұшырап, тоғыз адам мерт болған. Бұл туралы жұмада республиканың бас прокуроры Тарек Вильям Сааб хабарлады.

«Өкінішке орай, апаттан тоғыз венесуэла азаматы көз жұмды», - деді ол журналистерге. 

Оның айтуынша, прокуратура осы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын бастады. El Nacional газетінің жазуынша, ұшақ бортында бірнеше кәсіпкер болған.

inform.kz