Тоғыз жыл бұрын жоғалып кеткен мысық иесіне қайтарылды

27.02.2023 в 12:13

Пайпердің аман табылғанына әйел қатты таңқалды

Жақында Вирджиния штатының Генрайко округінде үйлердің бірінен мысық табылды. Үй жануарын көрген жергілікті тұрғын арнайы қызметке жүгініп, оны жануарларға арналған орталыққа апарған. Тексеру барысында мысықты бірнеше жыл бойы таба алмай жүрген иесі бар екені анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі МИР24-ке сілтеме жасап.

Келесі күні мысық Генрайко округіндегі үйлердің бірінің кіреберісіне кетпей жатып алған. Үй иесі жануардың кеткісі келмейтінін байқап, жануарларды қорғау офицерін шақырған. Ол мысықты ұстап алып, ветеринардың қарауына берген. Біраз уақыттан кейін оның микрочипі бар екені анықталады. Осылайша мамандар мысықтың иесі жайлы мәлімет алған.

9 жыл бұрын жоғалып кеткен Пайпердің аман табылғанына әйел қатты таңқалды. Мысық иесімен қайта қауышты.