Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтады

13.01.2023 в 12:26

Ақаевқа билікті немесе қызметтік жағдайды асыра пайдаланғаны үшін айып тағылған болатын

Қырғызстан Республикасының бұрынғы президенті Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтады. Бұл туралы Кабар агенттігіне Қырғыз Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің бастығы Сирожиддин Камолидинов мәлім еткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қылмыстық іс аясында Ақаевқа билікті немесе қызметтік жағдайды асыра пайдаланғаны үшін, 1992 жылы «Камеко» компаниясымен келісім жасасу эпизодтары бойынша немқұрайлық жасағаны және 2003 жылы «Құмтөр» жобасын қайта құрылымдағаны үшін айып тағылған.

«Қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімі ескіруіне байланысты іс тоқтатылды», – деді ол.