Ұшақ құлап, 4 адам көз жұмды

20.12.2021 в 12:26

Олардың екеуі бала

Австралияның Квинсленд штатындағы Рэдклиф қаласының маңында шағын ұшақ апатқа ұшырап төрт адам қайтыс болды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұшақ бортында болған 4 адам оқиға орнында қайтыс болды. Олардың екеуі бала. Әуе көлігін 69 жастағы ұшқыш басқарған.

Әуе кемесі қаланың жанындағы жағалауға құлаған.

Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Тергеу ісі басталды. Мамандардың нақты шешімі 6 аптадан кейін белгілі болады.