Қытайда бетперде киген адамды тануға болатын технология ойлап табылды

10.03.2020 в 12:37

Мұндай технологияны жасап шығаруға Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігі тапсырыс берген

Қытайлық компания сәйкестендіргіш жүйені жасауды короновирус алғаш шыға бастаған кезде, яғни қаңтар айында қолға алған. Өнертапқыштардың айтуынша, бұл жүйе бір секундта 30 адамның түр-сипаты мен кім екенін анықтай алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Мұндай технологияны жасап шығаруға Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігі тапсырыс берген. Жаңа бағдарлама маска киген қылмыскерлерді де тануға сеп болмақ. Компанияның мәліметінше, өнімнің негізгі екі түрі бар. Бірі «бірарналы» – ол көбіне кеңселердің дәлізіне қоюға арналған болса, екіншісі «көпарналы» анықтау жүйесі бірнеше бейнебақылаудың көмегімен іске асады, яғни маскасы бар адамды кеңейтілген түрде зерттейді.