Дүниежүзінде бір күнде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 94 663 тіркелді

21.04.2020 в 13:19

Жұқтырған адамдар саны 2,5 миллионға жетіп қалды

Дүниежүзінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған тәулігіне 94 663 тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осылайша қазіргі уақытта аты жаман ауруды жұқтырғандары саны 2 млн 483 мың 511 адамға жетті. Оның ішінде 650 мың 99 адам жазылып шықса, өкінішке қарай, әлем бойынша көз жұмғандар 170 мың 714 адамға жетті. Айта кетейік, коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша көш басында АҚШ тұр. Онда 800 мыңға жуық болса, 200 мыңнан аса адамнан қауіпті індет анықталған Испания екінші орында тұр. Ал, Италияда болса 180 мыңнан аса адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. 

Әлемдегі ахуал:

Расталған жағдай: 2 483 511

Көз жұмғандар: 170 714

Жазылып шыққандар: 650 099