«Әлем аруы» тәжі Филиппиннен шыққан американдық аруға бұйырды

15.01.2023 в 14:01

Жаңа Орлеанда 71-ші халықаралық жарыстың негізгі салтанаты 14 қаңтар, сенбі күні өтті

«Әлем аруы» тәжі Филиппиннен шыққан американдық сұлу Р'Бонни Габриэлге бұйырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жаңа Орлеанда (Луизиана штаты) өткен 71-ші халықаралық жарыстың негізгі салтанаты 14 қаңтар, сенбі күні өтті.

Вице-мисс атағы Венесуэла елінің өкіліне берілді.

Байқауда Қазақстан атынан Диана Тәшімбетова қатысуы керек еді, бірақ «Қазақстан аруы» байқауының ұйымдастыру комитеті қызды «Әлем аруы-2022» атағынан айырды.