Қытайдың оңтүстігінде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

21.03.2022 в 14:51

Boeing 737 ұшағының бортында 133 адам болған

Қытайдың оңтүстігінде Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі РИА Новости агенттігіне слітеме жасап.

«Қытайдың ұлттық телеарнасының мәліметінше, Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Учжоу қаласының Тэн уезінде China Eastern Airlines әуе компаниясының 133 адам мінген Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады»,- делінген хабарламада.

Қаза болғандар мен жараланғандар туралы мәлімет жоқ, іздеу-құтқару жұмыстары басталды.

Ұшақ құлаған жерде орман өрті басталғаны белгілі.