Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырып, ауыр халде жатқан науқастардың саны 11 есеге өсті

01.09.2020 в 14:38

Ауыр халде жатқан науқастардың саны шамамен 130-ға жетеді

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырып, ауыр халде жатқан науқастардың саны 11 есеге өсті, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Telegram-дағы "Вся Корея" парақшасында айтылды.

Дереккөз мәліметінше, науқастардың саны 18 тамыздан бері санағанда 9 адамнан 104 адамға дейін өскен. Ал бүгінде елде жаңа 235 жағдай тіркелген.

Денсаулық сақтау органдарының болжамынша, қыркүйек айының басында елде коронавирус жұқтырып, ауыр халде жатқан науқастардың саны шамамен 130-ға жетеді.

Табиғи апаттармен күрес жөніндегі орталық штаб 14 қыркүйекке дейін тағы 40 аурухана төсегін қосуды және пациенттерді басқа палаталарға көбірек орын беру үшін жеңіл түрде ауыстыруды жоспарлап отыр.