Қырғызстанда мұнай базасынан өрт шықты

21.06.2023 в 13:47

Апат себебі анықталып жатыр

Қырғызстанда мұнай базасынан өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қызыл жалыннан өнім сақталған цистерна жарылып, 4 адам зардап шеккен.

Ресми деректерге сүйенсек, елдің есін алған жайт Бішкектен батысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан Шопоков қаласындағы мұнай базасында болған. Зардап шеккендер әртүрлі жарақатпен медициналық орталыққа жеткізілді. Олардың денесін күйік шалған. Қазір дәрігерлердің жіті бақылауында. Өршіген тілсіз жаумен күреске өрт сөндірушілердің 8 бөлімі тартылған. Апат себебі анықталып жатыр.