Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони дүниеден өтті

12.06.2023 в 15:01

9 маусымда ол ауруханаға қайта жатқызылған болатын

Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони 87 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Биылғы сәуірде Берлускони өкпе қабынуымен Миланның «Сан-Раффаэле» ауруханасына түсіп, одан миеломоноцитарлы лейкоз (соның аясында өкпесі қабынған) анықталған еді. Сол кезде саясаткер дәрігерлер бақылауында бір ай жатып, химиотерапия курсынан өте бастады.

9 маусымда ол ауруханаға қайта жатқызылған болатын.