Ресейде оқушы қыз мектепте қарудан оқ жаудырды

07.12.2023 в 17:59

Жантүршігерлік оқиға Брянск қаласындағы гимназияда болды

Ресейде 8 сынып оқушысы мектебінде қарудан оқ жаудырды. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, оқиға салдарынан 2 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жантүршігерлік жайт бүгін Брянск қаласындағы гимназияда болды. Елдің төбе шашын тік тұрғызған қыз соңында өзін атып өлтірген көрінеді. Қазір полиция қызметкерлері мен жедел қызмет мән-жайды анықтауда.

Айта кететіні, Ресейдің білім мекемелерінде осыған ұқсас жайт бұған дейін бірнеше мәрте болған. 2021 жылы студент жігіт Пермь университетінде оқ жаудырып, оқиға салдарынан 6 адам қаза тапқан. Ал осы жылы 2 адам Қазандағы мектепте қару қолданып, бірнеше адам жарақат алды.

Оқи отырыңыз: СҚО-да сабақ онлайн форматқа ауысты