Қырғызстанда алғашқы қар жауды

27.08.2023 в 15:46

Желіде жолдар мен көліктер қар жамылған видео тарады

Қырғызстанның Нарын облысында алғашқы қар жауды. Бұл туралы қырғыз-қытай шекарасына жақын орналасқан куәгерлер хабарлайды, деп жазады Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Желіде жолдар мен көліктер қар жамылған видео тарады.

Өтірікке құрылған ғұмыр | Өмір иірімі

Бұған дейін Қырғызгидромет 27 тамыз түстен кейін және 28 тамызда аумағының көп бөлігінде жаңбыр жауып, таулы аудандарда жаңбырдың қарға ұласатыны, кей жерлерде жауын-шашын қарқынды болады деп ескертті.

Еске сала кетейік, жақында ШҚО Катонқарағай ауданының Белуха маңындағы «Нижний лагерь» кемпингінде алғашқы қар жауды.