Берлинде қонақүйдегі 16 метрлік аквариум сынып кетті

16.12.2022 в 16:02

Қазір аквариумы бар қонақүй тұрған көше жабық

Берлиннің ортасында орналасқан Dom Aquaree қонақ үйінде 16 метрлік аквариум сынып кетті. Аквариумда 1,5 мың теңіз жануары болған. Екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Twitterжелісіне пайдаланушылар оқиға орнынан түрлі видеолар салып жатыр.

Dom Aquaree қонақүйі Берлиннің орталығындағы Карл-Либкнехт-Штрассе көшесінде, Берлин Александерплац алаңы мен әйгілі телемұнараның жанында орналасқан.

Ол әлемдегі ең үлкен аквариумдардың бірі саналаптын. Онда 1,5 мың теңіз жануары мен 1 миллион литр су болған.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, оқиғаның себебі әлі анықталмаған. Алайда алдын ала болжам бойынша оған материалдардың тозуы себеп болған.

Қазір аквариумы бар қонақүй тұрған көше жабық.

Жолға көп су төгілген. Оқиға орнында апаттық-құтқару қызметінің 100 маманы жұмыс істеп жатыр.

Қонақүй қонақтарын эвакуациялау үшін арнайы маршруттық автобустар ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта Берлиндегі ауа температурасы -7°.