Еуропалық ғалымдар безеуден қорғайтын бактерия ойлап тапты

10.01.2024 в 16:12

Микробтар май бездерінің белсенділігін төмендетеді

Еуропалық зерттеушілер адам терісін безеу және шаш фолликуласының қабынуымен байланысты басқа да тері бөртпелерінің пайда болуынан қорғайтын микробтардың жаңа штамын ойлап тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі іnform.kz-ке сілтеме жасап.   

- Біз бөртпе мен безеулерді емдеуге жергілікті терапияны қолдану арқылы жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Біз теріміз қажет ететін молекулаларды тудыратын тері бактериясын түрлендірдік. Осындай әдіспен безеуді ғана емес, басқа да ауруларды емдеуге болады, - деді Барселонадағы Пумпеу Фабра атындағы испан университетінің ғылыми қызметкері Настасия Кнедльездер.

Еуропалық молекулярлық биологтар бұл микробтарды безеу мен бөртпелердің пайда болуына, өршуіне жол бермеу үшін жасауға болады деп болжайды. Ол үшін Cutibacterium acnes геномын осы микробтар май бездерінің белсенділігін төмендететін NGAL ақуызын өндіріп, қоршаған ортаға шығара бастайтындай етіп өзгерту керек. Нәтижесінде шаш фолликулаларының ішіндегі басқа микробтар айтарлықтай азаяды, ал ол өз кезегінде қабынудың дамуына жол бермейді.

Оқи отырыңыз: Алматыда кардиохирургтер науқастың өмірін сақтап қалды