Google Play-ден қауіпті вирус табылды

23.02.2022 в 11:08

Xenomorph қазірдің өзінде 50 мыңнан астам электронды құрылғыны зақымдап үлгерген

Google Play платформасында Xenomorph атты қауіпті вирус табылды. Бұл туралы ThreatFabric ақпараттық қауіпсіздік компаниясының ресми блогы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv

Zakon.kz сайтының жазуынша, Xenomorph қазірдің өзінде 50 мыңнан астам электронды құрылғыны зақымдап үлгерген.

Мамандардың айтуынша, бұл вирус гаджетке еніп, қаржылық деректерге қол жеткізуге, гаджет иесінің шоттарын бақылауға және рұқсат етілмеген транзакцияларды жасауға тырысады. Вирус операторлары жиналған барлық ақпаратты мүдделі тұлғаларға сатады.

Xenomorph сонымен қатар SMS хабарламаларын бұғаттап, басқа мобильді қолданбалардың терезелерін блоктай алады және пайдаланушы әрекеті туралы ақпаратты жинайтын көрінеді.

Сарапшылар атап өткендей, Xenomorph коды басқа банктік код – Alien торянына ұқсас. Бұл екі вирусты да бір адамның әзірлегенін білдіруі мүмкін.