Филиппинде 6,2 балдық жер сілкінісі болды

07.02.2021 в 17:18

Кейінгі 24 сағат ішінде Миндородан 300 шақырым аймақта тағы бір жер сілкінісі тіркелді

Филиппиннің оңтүстігінде күші 6,2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының ресми сайты жазды.

Зілзала ошағы Давао Дель Сур провинциясында тіркелді. Сейсмологтардың мәліметінше, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 04:30 шамасында байқалған. 

«Зілзала ошағы 30 шақырым тереңдікте орналасқан», – деп атап өтті мамандар. 

Кейінгі 24 сағат ішінде Миндородан 300 шақырым аймақта тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы мәлімет әзірге жоқ.