Әлемде аз уақыт ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 8 миллионға жетті

05.10.2020 в 17:02

Әсіресе эпидемиологиялық ахуал АҚШ, Үндістан және Бразилияда тұрақсыз

Әлемде бір айдан аз уақыт ішінде коронавирус жұқтырған адамның саны 8 миллионға жетті. Әсіресе эпидемиологиялық ахуал АҚШ, Үндістан және Бразилияда тұрақсыз, деп хабарлайды Almaty.tv.

Пандемия басталғалы бері АҚШ-та 7 миллионнан астам адамнан жұқпалы вирус анықталған. Үндістанда 6,5 миллион, Бразилияда 5 миллионға жуық халық індетті жұқтырғаны белгілі болды. 

Бұл тізімде төртінші орында Ресей тұр. Онда 1 миллионнан астам адам ауру жұқтырған екен. Әсіресе, індетті жаппай жұқтыру қыркүйек айының соңында артқан. Жалпы әлемде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 35 миллионнан асып кетті.