|
14.07.2020 | 17:16
1167

Шығыс Азияның тұрғындары неге бетперде тағады

Азиаттар денсаулығын сақтау үшін медициналық бетперде таға бастады

massaget.kz

Өздеріңіз байқағандай, Шығыс Азияның тұрғындары көбіне бетперде тағады. Медициналық бетпердеден бөлек, күнделікті өмірде кәдімгі бетперде тағып жүретінін де жиі байқаймыз. Тіпті сәнге айналып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі massaget.kz-ке сілтеме жасап. Олар бетпердені не үшін тағады?

Бәрі халқы көп, ластанған қаладан басталған. Түрлі жағымсыз иіс, шаң, шыбын-шіркей, экология... Адамдар тіпті жұмысына алаңсыз бара алмайтын күйге жетті. Азиаттар денсаулығын сақтау үшін медициналық бетперде таға бастады. Кейін осындай бетперденің күнделікті өмірде киетін түр-түрі шықты. Адамдар бетперденің өте ыңғайлы аксессуар екенін ұқты. Әр халық бетін түрліше жабады. Мысалы, еуропалықтар көзілдірік кигенді қатты жақсы көреді, шығыс әйелдері орамал тақса, азиаттықтар бетперде кию арқылы сырт көзге "жұмбақ" болып көрінеді.

Сонымен "Азияның тұрғындары не үшін бетперде киеді?" деген сұраққа нақты жауап берсек:

1. денсаулығын сақтау үшін;

2. сән үшін;

3. жұрт көзінен жасырыну үшін (көбіне жұлдыздар тағады);

4. адамдармен сөйлескісі келмегенде;

5. күн астында жұмыс істеген кезде бетін қорғау үшін.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир