|
14.07.2020 | 17:56
1037

Күніне 200 мың адамнан COVID-19 анықталып жатыр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус коронавирусқа қатысты жағдайдың ушығып бара жатқанын айтып, дабыл қағуда

malim.kz

Күніне 200 мың адамнан COVID-19 анықталып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус коронавирусқа қатысты жағдайдың ушығып бара жатқанын айтып, дабыл қағуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, егер жаһан жұрты профилактикалық шараларға осылай жеңіл қарайтын болса, қалыпты өмірге жақын арада оралу туралы ойламай-ақ қойған жөн. Reuters порталының мәліметінше, вирус Латын Америкасында тез тарап жатыр. Ал Гонконг билігі шектеу шараларын тағы күшейтіпті. Коронавирустан Еуропа елдерінің арасында көп зардап шеккен Испания мемлекеті карантиндік режимнің күшін жойды. Ал, COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша үшінші орында тұрған Үндістанда керісінше күніне 23 мың жаңа жағдай тіркеліп жатыр.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир