79 жастағы әжей есірткі сатып күн көрмек болған

26.11.2019 в 18:13

Тексеріс барысында әйелдің үйінен 17 қаптамаға оралған есірткі табылған

Ресей Федерациясының Кемерово аудандық соты 79 жастағы қала тұрғыны есірткі сатқаны үшін жазалады, деп хабарлайды Stan.kz

Баласының өлімінен кейін зейнеткер есірткі табылған шыны құтыны тауып алып, оны сатпақшы болыпты. Оның 8 грамм есірткіні сатып жібермекші болғаны анықталыпты. 

Тексеріс барысында әйелдің үйінен 17 қаптамаға оралған есірткі табылған. Сол себепті есірткі саудасымен айналыспақшы болған әжейдің үстінен қылмыстық іс қозғалған. 

Сот кейуананы кінәлі деп таныған, алайда жаза тағайындауда оның егде жасы мен жағдайы ескеріліпті. Сот шешімі жеңіл ақша табуға әрекеттенген қарияны 5 жылға бас бостандығынан айырды.